Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Астанада Ұлттық сараптама орталығының жұмысы қорытындыланды

В Астане обсудили итоги работы Национального центра экспертизы 19.02.2026

Бүгін Астана қаласында Ұлттық сараптама орталығы Директоратының отырысы өтті. Жиын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың төрағалығымен өтті.

Отырыста 2025 жылға арналған стратегиялық іс-шаралардың іске асырылу қорытындылары, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың өзекті мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған Ұлттық сараптама орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту міндеттері қаралды. Кеңеске қатысушылар атқарылған жұмыстарды саралап, ағымдағы ахуалды талдап, одан әрі даму бағыттарын айқындады.

Комитет төрағасы Сархат Бейсенова қатысушыларды құттықтап, қазіргі жағдай барша тараптан үйлесімді жұмысты, жоғары жауапкершілікті және салмақты шешім қабылдауға дайындықты талап ететінін атап өтті.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мәселесін жалғастыра отырып, Ерлан Қиясов отырыс барысында мекеменің жұмыс нәтижелілігі мен қойылған міндеттердің орындалуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер талқыланатынын айтты. Сондай-ақ ол өткен кезең қорытындылары белгіленген мақсаттардың табысты жүзеге асырылғанын көрсететінін атап өтті.

Сонымен қатар стратегиялық іс-шаралардың орындалуы туралы баяндама жасаған ҰСО-ның Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Т.К. Ерубаевтың мәліметінше, 2025 жылы Кәсіпорын жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етіп, филиалдық желіні дамыту және ішкі үдерістерді жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырған.

Отырыстың жеке блогы санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастыру мәселелеріне арналды. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары А.С. Мусина жүйелі шешімді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті.

«Мемлекеттік тапсырысты толық әрі сапалы орындауды қамтамасыз ету, зертханалық зерттеулердің нәтижелерінің дұрыстығын күшейту, әдістемелерді жетілдіру, зертханааралық салыстыру сынақтарын жүргізу және мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыс жалғасуда», – деді Айнагүл Мусина.

Сондай-ақ жүргізілетін зерттеулер аясын кеңейту мақсатында жаңа зертханалық жабдықтарды сатып алу мәселелерін пысықтау жоспарлануда.

Басқарма төрағасының орынбасары Т.О. Сүйіндіков материалдық-техникалық қамтамасыз етудің қазіргі жай-күйі және оны одан әрі нығайту шаралары туралы ақпарат ұсынды.

«Басым бағыттардың қатарында зертханалық және өндірістік базаны жаңғырту жөніндегі жоспарланған іс-шараларды іске асыру бар. Сонымен қатар коммерциялық бағытты жандандыру, көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту және орындалатын жұмыс көлемін арттыру міндеті қойылып отыр», – деп атап өтті Талғат Сүйіндіков.

Отырыста сондай-ақ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары Смағул М.А. қатысып, зертханалық зерттеулер сапасын қамтамасыз ету санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінің негізгі элементі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Сыртқы сапаны бағалаудың (ССБ) ұлттық бағдарламасы зертханалардың жұмысын объективті бағалауға, реттеушілік және беделдік тәуекелдерді азайтуға, тексерулерге дайындықты арттыруға және сапа менеджменті жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

«СЭБ жүйесінде ССБ бақылаушы немесе қадағалаушы құрал емес, кәсіби қолдау мен сапаны арттыру тетігі ретінде қызмет етеді», - деді Манар Смағул.

Бүгінгі Директорат отырысы Ұлттық сараптама орталығының зертханалық зерттеулер сапасын арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және елдегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесіндегі позициясын нығайтуға бағытталған стратегиялық бағытын растады.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail