Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Ұлттық сараптама орталығы AI Science Hackathon 2025 байқауында биологиялық қауіпсіздік саласындағы цифрлық жобасын таныстырды
Национальный центр экспертизы представил цифровой проект по биологической безопасности на AI Science Hackathon 2025 21.10.2025

2025 жылдың 20-21 қазанында Astana IT University базасында жасанды интеллект саласындағы маңызды оқиғалардың бірі - AI Science Hackathon 2025 өтті. Оған цифрлық технологиялар, ғылым және инновация салаларының мамандары - ғалымдар, инженерлер және сарапшылар қатысты.

Хакатонның белсенді қатысушыларының қатарында Ұлттық сараптама орталығы да бар еді. ҰСО іс-шараны қолдап қана қоймай, өзінің инновациялық жобасын -«Микробиологиялық зертханалардың ішкі бағалау және биологиялық тәуекелдерді болжау үшін интерактивті білім беру сервисін әзірлеу» атты жобасын таныстырды.

Жоба қазіргі заманғы цифрлық платформаны құруға бағытталған. Бұл платформа зертханалық тәжірибеде биологиялық тәуекелдерді автоматтандырылған, объективті және қайта шығарылатын бағалауды қамтамасыз етеді. Негізгі мақсат - субъективті фактордың әсерін төмендету, аналитикалық ашықтықты арттыру және биологиялық тәуекелдерді басқаруда біркелкі тәсілдерді қалыптастыру.

Таныстырылған жоба санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және биологиялық қауіпсіздік саласында озық цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Ұлттық сараптама орталығының мамандарының AI Science Hackathon 2025 байқауындағы қатысуы инновациялар мен цифрлық трансформацияға, сондай-ақ денсаулық сақтау мен ғылыми зерттеулер саласындағы практикалық технологияларды дамытуға деген стратегиялық бағытын айқын көрсетеді.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail