Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Ұлттық сараптама орталығы атмосфералық ауаны бақылау әдістерін жетілдіруде
Национальный центр экспертизы совершенствует методы контроля атмосферного воздуха 21.08.2025

Ұлттық сараптама орталығы зертханашы мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру және біліктілігін арттыру бағдарламасын жалғастыруда. 

Ұлттық сараптама орталығының мамандары өндіруші зауыт ұйымдастырған оқу семинарына қатысты.

Зауыт өкілдерінің қатысуымен өткен семинар атмосфералық ауаның сапасын бақылауға арналған портативті газталдағыштарды пайдалану, метрологиялық қамтамасыз ету және оларды қолданудың өзекті мәселелеріне арналды.

Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасты, ауа ластануын бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, тәжірибеге бағытталған оқу тренингін өткізді, сондай-ақ әртүрлі жағдайларда құралдарды қолдану ерекшеліктерімен бөлісті.

Бұл шара ҰСО-ның профильдік мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады және жабдық өндірушілері мен санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат саласында жұмыс істейтін практикалық денсаулық сақтау өкілдері арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail