Бүгін Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері үшін Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар негізінде жаңа құралдарды енгізуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы заңнамалық өзгерістерге қатысты мәселелерді түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзгерістер, анықтау тәртібі мен жазалау шаралары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша нақты тәжірибеден мысалдар келтірді.
Өзгерістердің негізгі аспектілерінің бірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметін жетілдіру болып табылады.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа енгізілімдер лауазымды адамдардың заңсыз байытылуын бақылау және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдардың тиісті түрде қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды көздейді.
Талқылауды ескере отырып, құқық бұзушылықтарды барынша азайтуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған шараларды қабылдау ұсынылды.
ҰСО аталған шараларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізетін болады.