2023 жылдың басынан бастап ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК зертханаларында қызылшаға 31 917 зерттеу жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 30 қарашадағы жағдай бойынша 17 667 оң нәтиже анықталды, бұл 2022 жылғы жалпы саннан асып түсті.
Оң нәтижелердің ең көп саны Шымкент (2 921), Алматы (2 787) қалаларында, сондай-ақ Алматы (2 133), Маңғыстау (1 685), Жамбыл (1 522), Атырау (1 458) облыстарында анықталды.
Қазіргі уақытта ҰСО-ның барлық филиалдары қызылшаны анықтау үшін тест-жүйелермен қамтамасыз етілген, күн сайын вирусологиялық зертханалардың мамандары қызылша вирусын анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Естеріңізге сала кетсек, қызылшаның алдын алу – бұл бірінші кезекте вакцинация. Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакцина 12-15 айлық және 6 жастағы балаларға енгізіледі.
Анықтама үшін:
Елімізде қызылшамен сырқаттанушылықтың күрт өсуі вакцинацияланбаған балалардың есебінен қалыптасады, олардың үлесі ауру балалар санынан 84% немесе 9 216 жағдайды құрады.