Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асырады. ҰСО Қазақстан Республикасының аумағын тұтас қамтыған филиалдар желісі кең жүйе түрінде болады. Орталық негізгі орталық аппаратынан және 23 филиалдан құралады, оның ішінде:
Бүгінгі таңда ҰСО келесі құрылымдар жұмыс жасайды:
ҰСО миссиясы
Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бола отырып, азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту, сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында біз халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы және қажетті қызметтерді ұсынамыз.
Болжам
Біздің орталық санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы тұрақты жетілдіруге, тексеру жүргізу мерзімін қысқартуға, қоғамдық денсаулық сақтау қажеттіліктері үшін дәл және тиімді нәтижелерді қамтамасыз етуге, сонымен қатар, індетке қарсы және профилактикалық шараларды уақытылы өткізуге бағытталған.
Әлеуметтік жауапкершілік
Орталық халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге тырысады.
Кәсібилік